09:46 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
193 0 0

Бала үйінен шамамен 13.30-да шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмепті. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен еріктілер қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Атырауда Жұлдыз шағын ауданында 20 мамырда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби іздестіріліп жатыр.

Бала үйінен шамамен сағат 13.30-да шығып, сол күйі оралмаған. Әли бір жарым жаста, оң аяғын сылтып басады, деп хабарлайды жергілікті "Ақ жайық" басылымы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AZH.NEWS (@azh.news)

Іздеу жұмыстары 20 мамыр кешке де жалғасты. Оған 150-ге жуық жергілікті тұрғын, 50 шақты ерікті және 20 әскери тартылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеді.

Ерікті Олжас Сұлтановтың айтуынша, көрші үйде орнатылған камераға баланың, әуелі аулада болғаны, кейін көшеге шыққаны түсіп қалған.

Сәбидің анасы бір-екі минутқа үйге кіріп шыққан, бала сол арада жоғалып кеткен.

Іздеуге үш дрон да жұмылдырылды. Бүкіл үйдің ауласы, септиктер, қоқыс алаңдары тексерілген, алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермей отыр.

Тақырып бойынша

Итпен серуендеуге кеткен: Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Қарағандыда қоқыстан жаңа туған сәби табылды
Алматы облысында сабаққа бара жатқан екі қыз жоғалып кетті – оқиғаның мән-жайы
Кілт сөздер:
іздеу, сәби, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып