Өңірлер

Түркістан облысында жүкті әйел жиырмаға жуық тұрғынды алдаған

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық. Күдікті өз кінәсін толық мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жиырмаға жуық адамның ақшасын жымқырған алаяқты ұстады.  

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Ол әйел адам "мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті алып беремін" деп сендіріп, 30 мың теңгесін алып, алдап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәртіп сақшылары шұғыл күдіктіні іздестіруге кірісті. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, бұрын да адамдарды "көлік жүргізу куәлігін алып беремін" деп алдаған, бұрын сотты болған жүкті әйел болып шықты.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталды 

Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай 17 жайтқа қатысы бары анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Жүктілігіне байланысты міндеттемемен босатылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Жаңалықтар
0