Өңірлер

Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМузыкальный фонтан в Нур-Султане
Музыкальный фонтан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет болжамына сәйкес, сейсенбі күні елдің кейбір өңірінде жел көтеріліп, солтүстікте таңертең тұман болады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, күн ыстық. Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Дабылды ескерту

Күндіз, 2 маусым күні Ақтөбе облысында аптап ыстық - 38 градус, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарында да күн ыстық болады, плюс 38-40 градус.

Алматы облысында сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысында 40 градус, Қызылорда облысында - 44 градус, Түркістан облысында - 40-42 градус аптап ыстық болады.

Ақмола облысында сейсенбіде күн күркірейді. Солтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады. Екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында солтүстік-батыс желінің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында таңертең тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жел күшейіп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 27-29 градус, түнде - 16-18 градус. 

Алматыда күн бұлтты, күндіз плюс 30-32 градус, түнде - 19-21.

Шымкентте күн ашық, күндіз 37-39 градус, түнде 18-20.

Жаңалықтар
0