00:15 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1410 0 0

Бурабай кентінің бұрынғы әкімін ұрып-соғып, оның өліміне себепші болған күдіктіні полицейлер ұстап, қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы Щучинск қаласының тұрғыны ұрып-соғу салдарынан көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұм бұрын Бурабай кентінің әкімі болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 23 мамырда болған.

"Щучинск қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша 23 мамырда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда осы қылмысты жасаған күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіні үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Ал сенбі, 30 мамырда ер адам қайтыс болды.

"Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана жасалған дене жарақаты). Күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл факт бойынша Бурабай ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімі мұқият және объективті тергеу жүргізетінін атап өтті. Қылмыстық іс департамент басшылығының жіті бақылауында.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі марқұм Шыңғыс Темірбековтің бұрын Бурабай кентінің әкімі болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

Тақырып бойынша

Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Бурабай курортын шетелдік инвесторларға беруі мүмкін
Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео
Алматылық адвокатты соққыға жығу бұзақылық ретінде квалификацияланды
Кілт сөздер:
құқық бұзу, экс-әкім, Бурабай
Загрузка...

Басты тақырып