02:54 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1538)
358 0 0

Алматыдағы барлық стационарда бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары болады. Сондай-ақ инфекционистерге айрықша өкілеттік беріледі 

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Алматыда коронавирусқа байланысты жаңа лауазым енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, медициналық ұйымдардың ішінде инфекциялық бақылауды күшейту үшін жақын арада қаланың барлық стационарында бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы енгізіледі. Бұл госпитальдық эпидемиологтар мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға және стационарларда тиісті инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Надыров.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан" телеарнасының қызметкерлерінен коронавирус табылды

Надыровтың айтуынша, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында инфекционистерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін айрықша өкілеттік беріледі.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған жоспар

Сонымен қатар Надыров 2025 жылға дейін қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары әзірленгенін хабарлады.

"Жақын арада аталған жоспар сараптамалық қауымдастықпен талқыланады. Бұл жоспарда алдағы қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 5 жылға арналған нақты бағыты айқындалады. Атап айтқанда, қаланың кадрлық әлеуетін талдау және одан әрі дамыту, біліктілікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіледі", - деді ол.

Айтуынша, денсаулық сақтау басқармасының басты назары медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пациенттердің қауіпсіздігіне бағытталып отыр.

"Медицина қызметкерлері барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аурудың болуы мүмкін жаңа толқынына, күзгі кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Whatsapp арқылы шағым-ұсыныс айтуға болады

Сонымен қатар халыққа ыңғайлы болу үшін Надыров Whatsapp нөмірінің іске қосылғанын айтты.

"8 777 8888 103 ватцап нөміріне хабарлама қалдыруға болады. Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсарту бойынша шағым немесе ұсыныс айта алады", - деп толықтырды Надыров.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Надыровтың айтуынша, қалада коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Соңғы айда ауру жұқтыру өсімі шамамен 2,3%-ті көрсетті, соңғы аптада өсім 1,1 процентті құрады.

Қала бойынша 2 882 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның ішінде 1 875 адам аурудан айығып шықты. Бұл жалпы науқастрадың 65%-ін құрайды. Өткен аптада 323 адам ауруханадан шығарылды.

"Өкінішке қарай 10 адам қайтыс болды. Қазір 975 адам ем қабылдап жатыр", - деп толықтырды ол.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1538)

Тақырып бойынша

Шымкентте карантин мерзімі 22 маусымға дейін ұзартылды
Қазақстанға шетелден келушілер үшін ереже өзгерді
Қазақстанда COVID-19 науқастарының статистикасына өзгеріс енгізілді
Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды
Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ науқастар саны артты
Кілт сөздер:
бас дәрігер, лауазым, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып