Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

© AFP 2024 / BEHROUZ MEHRIСотрудник торгового центра в маске измеряет температуру у посетителя
Сотрудник торгового центра в маске измеряет температуру у посетителя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала мен аудан әкімдері бұған дейін енгізілген шектеулерді сақтауы тиіс, ал Семей билігіне карантинді күшейтуге тура келеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы мен өсу деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Қала мен аудан әкімдері бұған дейін енгізілген шектеулерді сақтауы тиіс, ал Семей билігі карантинді күшейтеді. 

Семейде көптеген нысанның жұмыс уақыты қысқартылды: 

  • сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін азық-түлік емес дүкендер, сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін азық-түлік дүкендері жұмыс істейді; 
  • сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін - азық-түлік емес және әмбебап базарлар;
  • сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін - қоғамдық моншалар мен сауналар;
  • сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін - барлық меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері);
  • сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін - халыққа қызмет көрсету орталықтары.

Түнгі клубтар, кальяндар, караоке жұмысына және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Жаңалықтар
0