Өңірлер

"Белім ауырып тұр деді": Екібастұз тұрғыны коронавирустан қалай қайтыс болды 

© AFP 2024 / PEDRO PARDOВрачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
49 жастағы әйел бірінші маусымда дәрігерге қаралып, белінің ауырып жүргеніне шағымданған, ал 14 маусымда науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Дәрігерлер екібастұздық әйелдің коронавирустан қалай қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 49 жастағы әйел эндрокриндік аурулары бар адам ретінде тіркеуде тұрған. Дәрігердің қабылдаудында созылмалы бүйрек аурына шалдыққанын, сондай-ақ, май алмасу процесінің бұзылғанын да айтқан.

"1 маусымда әйел емханаға барып, белім ауырып тұр деп шағымданған. Дәрігер оған ем-дом жазып берді. 3 маусымда әйел емхананың учаскелік дәрігерінің қабылдауына екінші рет келген. Екі күннің ішінде пациенттің жағдайы нашарлап кетті. Қабылдауға келгенде құрғақ жөтел, әлсіздік пен дене қызуының көтерілгеніне шағамданды", - делінген хабарламада.

Дәрігерлер бірден науқасты тексеріп, өкпеде өзгерістің бар екенін анықтады. COVID-19 инфекциясына сынама алынды. Пациентті шұғыл түрде провизорлық стационарға жатқызуға шешім қабылданды. Алайда әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

"Келесі күні ол өз еркімен провизорлық стационарға келіп, температураның түспей тұрғанын жеткізді. Әлсіздікпен бірге демікпенің пайда болғанын айтты. Тамағы да қатты ауыра бастады. Ауруханаға түскен күннен бастап пациенттің жағдайы нашарлай берді. 5 маусымда COVID-19 расталды. Ал 7 маусымда ол жан сақтау бөліміне жатқызылды", - деп атап көрсетті мамандар.

Әйелдің созылмалы аурулары болды. Соның салдарынан жағдайы күрт нашарлап кеткен. 10 маусымда оны жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келді. 14 маусымда түнгі сағат 03:20-да науқас қайтыс болды. Комиссияның шешіміне сәйкес, оның өліміне коронавирустық инфекция себеп болған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт адам коронавирустан қайтыс болды – науқастар қалай ауырды

Айта кетейік, осымен Павлодар облысында 12 адам коронавиурстан қайтыс болып отыр. Жалпы, республика бойынша 77 науқас көз жұмды. Инфекцияны жұқтырғандардың саны 14 809 адамға жетті. 9 188 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0