Қоғам

"Ауруханада орын жоқ": Түркістан облысында не болып жатыр

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области / Самат МырзалиевГород Туркестан
Город Туркестан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер өсім көрсеткіші төмендемесе, карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Сондықтан тұрғындар қарапайым сақтық шараларын сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілері бар азаматтар жиі келе бастады. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалып отыр. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сала мамандары соңғы күндері өңірдегі жағдайға байланысты әлеуметтік желелерде тарап жатқан түрлі қауесетке емес, ресми мәлімдемелерге назар аударуды сұрайды.

"Бүгінгі таңда ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бөлімше қайта даярланды. Түркістан қалалық орталық ауруханасында да қосымша 30 төсек-орын әзірленген", - деді Пашимов.

Сондай-ақ науқастарды жоспарлы жатқызуға шектеу қойылып, жеке клиникалар да өздеріне бекітілген тұрғындарға тиісті медициналық қызмет көрсетуде.

Ал облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин шараларын жеңілдету тәртібін түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, эпидемиологиялық ахуал тұрақтануы үшін өсім бір аптаның ішінде 5 проценттен аспауы қажет. Осы көрсеткіш 2 проценттен аспаса, қосымша жеңілдіктерді енгізуге болады.

"Өсім көрсеткіші төмендемесе, карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Сондықтан тұрғындар қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударуы тиіс. Атап айтқанда, екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет", - деді Нышанов.

Бірқатар нысан қызметіне шектеу енгізілген

Түркістан облысында осы күндердегі карантинге байланысты бірқатар шектеулер енгізілген. Олар:

• отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруға;

• ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге;

• сауда орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, түнгі клубтар, батут пен фудкорттарды ашуға;

• өңірдегі мал базарлардың жұмысына шектеу енгізілген.

Оқи отырыңыз: "Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы

Айта кетейік, бүгінге дейін Түркістан облысы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 464 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 3-і қайтыс болып, 275 адам жазылып шықты. Ал республика бойынша инфекция жұқтырғандардың саны 15 192 адамға жетті.

Жаңалықтар
0