Өңірлер

Білім министрлігі мұғалімдерге жақтасты: бірнеше мектеп директоры жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневУчитель на уроке с учениками
Учитель на уроке с учениками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысындағы мектеп басшыларына айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлады салалық ведомство

АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқығын бұзудың жаңа фактілерін анықтады.

"Нұр-Сұлтан қаласында мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы педагогтерден артық есепті талап еткені үшін және Түркістан облысында орта мектеп директоры педагогке өзінің кәсіби міндетіне кірмейтін функцияларды жүктегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген министрлік ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Мектептегі былықты жайып салған мұғалім ақыры дегеніне жетті 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар қаласында мектеп директорларына және аудандық білім бөлімдерінің меңгерушілеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Бірінші жағдайда мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақытында төленбегені расталса, екінші жағдайда мектеп жөндеуге қаражат жинау мәселесі бойынша ата-анадан арыз түскен.

 

Жаңалықтар
0