01:50 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
894 0 0

Аюпов енді үйінде болып, жұмысты қашықтан қадағалап отырады. Ал қала әкімдігінің жұмысы орынбасарына уақытша жүктелді

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды. Бұл жайында ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Тапсырған ПТР анализім оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр. Жұмыс барысымен күнделікті адам көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет мені де шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр", - деп жазды Аюпов.

Инфекция жұқтырған әкім өзін оқшаулады. Ол енді үйінде болып, жұмысты қашықтан қадағалап отырады.

"Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Қала әкімдігінің жұмысы орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына уақытша жүктелді. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін", - дейді әкім.

Сонымен қатар әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсырады.

Қазақстанда шенеуніктерден коронавирусты кімдер жұқтырды?

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инфекция жұқтырғаны хабарланды.

Бұдан бөлек, індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бар.

Оқи отырыңыз: "Ауруханада орын жоқ": Түркістан облысында не болып жатыр

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров та коронавирус жұқтырды.

Сонымен қатар 22 маусымда Алматы облысы әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Алматыда телеарна қызметкерлері коронавирус жұқтырды: науқастардың жағдайы қалай
Елордада үш жүзден астам дәрігер коронавирус жұқтырды
Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды
Грузияның Қазақстандағы елшісі коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
Түркістан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып