15:08 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (482)
870 0 0

Облыстың бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес өңірдегі шектеу шаралары 13 шілдеге дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Бүгіннен бастап Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының аумағында блок бекеттер орнатылып, шектеулер енгізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық байланыс орталығы хабарлады.

Мұндай шешімді өңірде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб қабылдаған.

"Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Рахат, Теңге, Қызылсай ауылын (Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылын қоса алғанда) 25 маусым күні сағат 00.00-ден 2020 жылдың 13 шілде күні сағат 07.00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізіледі", - делінген аймақтағы бас санитар дәрігердің қаулысында.

Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы мен Ақтау арасындағы жолға блок бекеттер қойылады.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі Бейнеу ауданындағы он ауылдың кіреберісіне бақылау-өткізу пункттері құрылғанын хабарлады. Сондықтан да жергілікті тұрғындардың негізсіз шығуы шектеледі.

Ал ауыл-аймақтар арасында мобильді топтар құрылып, отбасылық жиындар мен діни рәсімдер және басқа да шаралар өткізуге тыйым салынады.

Іргелес ауыл тұрғындарының азық-түлік үшін Бейнеу ауылына 14:00 мен 18:00 аралығында кіріп-шығуына рұқсат етіледі.

Аймақта полиция қызметкерлерінің жетіспеушілігіне байланысты аудандағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға көмектесу үшін қосымша 18 полицей жіберілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы тағы бір өңірде карантин күшейтіледі

Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстауда 449 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, 344 науқас жазылып шықты. Екі адам қайтыс болды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (482)

Тақырып бойынша

Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды
Алматылықтар карантин кезінде жазғы демалысын қалай өткізбек – видео
Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі
Қостанай қайта жабыла ма: интернетте блок бекет орнатып жатқан видео пайда болды
Блок бекет арқылы кіріп-шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, карантин
Загрузка...

Басты тақырып