14:52 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (509)
3779 0 0

Облыс орталығының бас санитар дәрігері карантинді қатаңдатумен шектелмей, екі аптаға созуды ұйғарды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Өскемен қаласында карантин режимі 11 шілдеге дейін ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігері осындай шешім қабылдады.

Өңірде шектеу шаралары сақталады. Оның мерзімі коронавирус жұқтыру көрсеткішіне байланысты өзгеруі мүмкін. 

Мемлекеттік қызметкерлердің 70%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды.

Тұрғындар жеке көлікпен мемлекеттік нөміріне байланысты көшеге шыға алады. Соңғы нөмірінің тақ және жұп болуы ескеріледі. Айдың жұп күндері мемлекеттік нөмірі жұп сан және нөлге аяқталатын көліктерге жүруге рұқсат етіледі. Ал қалған кұндері тақ нөмірге аяқталатын көлік иелері шығады. 

Жеңіл көлікті такси жолаушыларының саны 2 адамнан аспауы тиіс. Бір отбасы адамдарына ғана рұқсат беріледі. Алайда бетперде болуы тиіс. 

Демалыс және мереке күндері жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге болады. "Қызыл" және "көк" түсті арнайы рұқсат болуы тиіс.

Қызыл түстісі қызмет бойынша жүрген адамдарға беріледі. Көк түсті рұқсат қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға арналған.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (509)

Тақырып бойынша

Атырау облысында демалыс күндері карантин күшейтіледі
Елорда әкімдігі қоғамдық көліктің тоқтатылу себебін хабарлады
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 7 науқас көз жұмды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды
Кілт сөздер:
карантин, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырып