Өңірлер

Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды

© Photo : СС0 / Sharon McCutcheonБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер туыстарына қонаққа барып, 20 адамға коронавирус жұқтырған. Ата-анасы аурудың асқынуы салдарынан көз жұмды

КӨКШЕТАУ, 26 маусым – Sputnik. Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер туралы айтты. Үшеуі де қайтыс болғаны хабарланған еді. Байланыста болған 15 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін таңертең ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігердің көз жұмғаны белгілі болды", - деді Айнагүл Мусина.

Соңғы екі аптада Көкшетаудағы жұқпалы аурулар стационарында дәрігерлер астаналық әріптесінің өміріне араша түсуге тырысты.

"Соңғы аптада пациент жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен ғана дем алған болатын", - деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Алдымен дәрігердің әкесі қайтыс болды. Ресми себебі - тромбоэмболия. Оның жүрегі ауыратын. Алайда өлімге пневмонияның асқынуы әсер еткені айтылып отыр.

Екі күннен соң анасы көз жұмды. Әйелді ауыр дәрежедегі екіжақты пневмония, лимфоаденопатия, эксудативті плеврит болған.

Отбасының тағы бір мүшесі жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Жағдайы тұрақты. 

Барлығы елордалық хирург 15 адамға вирус жұқтырған. Арасында достары, әріптестері бар.

Жаңалықтар
0