18:06 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
237 0 0

Бұған дейін Байқоңырда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин күшейтілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. "Роскосмос" корпорациясының арнайы борты COVID-19-бен күресу үшін Байқоңырға келді, оның ішінде ресейлік федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің мамандары бар.

Осы рейспен жасанды тыныс алу аппараттары, екі мың жеке қорғаныс құралының жиынтығы мен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді.

"Роскосмос"  мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің федералдық медициналық-биологиялық агенттігі "Байқоңыр" кешенінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр", - делінген хабарламада.

"Байқоңыр" кешенінде медициналық қызметті агентікке қарасты № 1 орталық медициналық-санитарлық бөлім көрсетеді.

"Медициналық ұйым жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық техникамен толыққанды қамтамсыз етілген. Сондай-ақ кадрлық құрам күшейтілді. Қазіргі уақытта орталық медициналық-санитарлық бөлімде алты инфекционист және сегіз анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шараларының күшейтілгені хабарланған еді.

26 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық стационарда 60 адам емделіп жатыр, 28 пациент сауығып шыққан.

Загрузка...

Басты тақырып