Өңірлер

Қызылордада демалыс күндері карантиндік шектеулер болады

© Photo : өңірлік коммуникациялар қызметіАрыста Жамбыл мен Қызылорда облысының дезинфекция мамандары жұмысты бастап кетті
Арыста Жамбыл мен Қызылорда облысының дезинфекция мамандары жұмысты бастап кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шаралар тек облыс орталығына ғана қатысты. Сенбі-жексенбідегі мекеме жұмысы мен көлік қозғалысына шектеулер қарастырылған

ҚЫЗЫЛОРДА, 29 маусым — Sputnik. Өткен аптада демалыс күндері қызылордалықтар үйлерінен шықпады деуге болады. Қаланың бас санитар дәрігері тисті қаулыға қол қойды. Жаңа шектеулер 27 маусымнан бастап жүзеге асырыла бастады. 

"Бұл шаралар COVID-19 жұқтырғандар саны 7%-ке өсуіне байланысты қолданылып отыр" - деді  Жанар Жетілгенова.

Қызылордада халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қызметі дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 22:00-ден кейін шектеліп, жексенбіде мүлдем тоқтайды. Мұндай орындардың қатарына демалыс саябақтары, аллеялар, субұрқақтар, жағалаулар мен жағажайлар, аквапарктер енген.

Сондай-ақ, жексенбіде қоғамдық көлік 10:00-18:00 аралығында ғана қатынайтын болады. Бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орын санынан аспауы тиіс. Облыс орталығында білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер секілді мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары қызметін тоқтатады.

Сенбі және жексенбі күндері барлық қоғамдық тамақтану орындары қызмет етпейді. Бұл күндері олардың жұмысы 11.00-22.00 аралығында клиенттерге жеткізіп беру бойынша жүргізіледі. Ал әрбір жексенбі күні демалыс саябақтары, сауда үйлері мен базарларда, бөлек тұрған сауда нысандарында дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.

Ал 27 маусым мен 6 шілде аралығында бильярд, букмекерлік және лото-мото конторалары, ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын алаңдары, компьютер клубтары, спорт кешендері (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтатады.

Әуежай, теміржол және автовокзалдардың басшылары қала аумағындағы теміржол, автовокзалдар, әуежай, аудан және қалааралық бағыттағы қатынас құралдарының бекеттерінде шығарып салушы және күтіп алушы тұрғындарды шектеуге назар аударатын болады.

Жаңалықтар
0