13:10 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (491)
128 0 0

Аймақ кәсіпорындарының барлық басшысына қызметкерлердің 80%-ін қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды

АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Севостьянов облыс аумағындағы шектеу шараларын ұзартты.

Санитар дәрігердің 30 маусымдағы жаңа қаулысы COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қолданысқа енеді.

Облыс тұрғындарына тыйым салынды

  • отбасылық, есте алу, дәстүрлі және өзге де іс-шараларды өткізуге, кейтеринг қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын "клиенттерге дейін жеткізу" және "алып шығу" қағидаты бойынша шектеу;
  • білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинар сабақтардың, үйірмелердің қызметіне тыйым салынады;
  • 20 адамға дейінгі топ болып ашық ауада жаттығуларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың) жұмысына тыйым салынады; 
  • "Тобыл" ФК футбол чемпионатының матчтарын көрерменсіз өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
  • кинотеатр, театр, балалар ойын орталықтарының және ойын алаңдарының барлық түрінің (ауланы қоспағанда), түнгі клуб, компьютер және ойын клубтарының, кальян, караоке барлары, бильярд, боулинг орталықтарының, тату салондардың, массаж салондарының, букмекер кеңселерінің, мектеп жанындағы лагерьлердің, қала сыртындағы сауықтыру балалар лагерьлерінің (генерал Бәкіров атындағы демалыс орны, "Лесная сказка", "Алтынгүл", "Болашақ" лагерьлерін қоспағанда), аквапарк, бассейн, оның ішінде моншалар мен сауналардың қызметіне тыйым салынады. Бір мезгілде 20-дан аса келуші болатын монша мен сауна, сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттар, кинотеатр, ойын-сауық нысандары және ол жерде мәдени-бұқаралық бағдарламалар, аттракциондар, фонтан, үрлемелі конструкцияларға (батут) тыйым салынады;
  • балалардың бос уақыт өткізу орталықтарында "мастер-класс", үйірме, факультатив сабақтар, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталығының және басқа да формадағы жұмысына тыйым салынады;
  • нысанның кімге тиесілі екеніне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтатылды;
  • әлеуметтік маңызы бар нысандарда, ұйымдастырылған ұжымдарда, қызметкерлер, келушілер немесе тәрбиеленушілер арасында коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайда, нысанды карантинге жабу мәселесі қаралады.

Облыс тұрғындарына не рұқсат етілді

  • кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үйден еркін шығуға, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға үш адамнан аспайтын топ болып немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат етіледі;
  • дүкендерге, дәріханаларға, денсаулық сақтау ұйымдарына, қоғамдық көлік, кеңселерге, меншік нысанындағы барлық кәсіпорынға және басқа да адам көп жиналатын нысандарға қатаң түрде маскамен баруға рұқсат етіледі;
  • облыстың елді мекендері арасында қозғалуға, саяжайға бару үшін елді мекенге кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
  • жеке, қызметтік, қоғамдық қалааралық автокөлік пен таксиді шектеусіз қолдануға болады. Алайда міндетті түрде маска тағып, антсептик болуы шарт.
  • респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (тұмау, жөтел, температура) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық жәрдемді 103 нөмірі бойынша үйге шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгінуге болады;
  • үй карантиніндегі азаматтарға "SmartQOSTANAI" мобильді қосымшасын жүктеп, "мен үй карантиніндемін" функциясын қосу керек;
  • кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға меншік нысанына қарамастан күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қолдана отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшеді.
  • қызметтерді алдын ала жазылу бойынша сағат 10: 00-ден 18: 00-ге дейін жүзеге асырылады;
    сұлулық салондары, шаштараздар, барбершоп жұмысы 10:00-ден 18:00-ге дейін рұқсат етіледі, салонға алдын ала жазылу қажет;
  • өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін нысандар сағат 20: 00-ге дейін жұмыс істейді;
    азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмысы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады;
  • діни объектілердің қызметі (мешіттер, соборлар, шіркеулер, синагогалар) әлеуметтік қашықтықты, ауаны тазарту және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, нысан алаңының 1/3 бөлігінен аспайтын жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағында қатаң карантин шараларын енгізу туралы түпкілікті шешім мемлекеттік комиссияның шешімімен таяу уақытта қабылданатынын хабарлады.

Қостанай облысында 498 адам коронавирус жұқтырған.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)

Тақырып бойынша

Министр қатаң карантин жайлы: жақын арада түпкілікті шешім қабылданады
Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады
"30 маусымда қатаң карантин енгізіледі": үкімет ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Шымкент әкімінің төрт бірдей орынбасары ауырып қалды
Қазақстанда "корона-такси" пайда болуы мүмкін
Кілт сөздер:
карантин, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып