12:50 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2686 0 0

Әлеуметтік желілерде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус таратылады. Балаларды далаға шығармаңыздар" деген ақпарат жарияланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Ауа арқылы вирус таратады деген жалған ақпаратты таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталды.

Бүгін әлеуметтік желілерде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус таратылады. Балаларды далаға шығармаңыздар" деген ақпарат жарияланған болатын.

"Қазіргі уақытта Отырар ауданының 1973 жылы туған тұрғыны анықталды. Әйел WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Тақырып бойынша

Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Жұртты дүрліктірген көкшетаулық жігіт туыстарымен байланысқа шықты
Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды  
Түркістан облысында 8-сынып оқушысы коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан
"Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді
Кілт сөздер:
коронавирус, тұрғын, Түркістан облысы, жалған ақпарат
Загрузка...

Басты тақырып