10:24 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1165 0 0

Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, аурухана дәрігерлерінің айтуынша, екеуінің де жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Арқалықта өткен тәулік ішінде 11 адам ауруханаға түсті, оның тоғызы есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды ng.kz сайты.

Екі адам өте ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, барлық 11 адамның диагнозы бірдей: олар этанолдан уланған.

"Жансақтау шаралары еш нәтиже бермеді, биологиялық өлім тіркелді. Қазір алкогольден улану белгілерімен екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің де хәлі мүшкіл. Бүгін біреуінің көру қабілеті қалпына келді", - деді ведомстводан.

Тағы оқыңыз: Туыстарының үйіне қонаққа барған: Шымкентте бір отбасы уланып қалды

Арқалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержановтың айтуынша, уланған пациенттер – әртүрлі жастағы адамдар. Ауруханаға әртүрлі мекенжайдан түскен, екеуі кеңшардан жеткізілген.

Қаза болғандардың арасында жастар, артында балалары қалған ерлі-зайыптылар бар, деді дәрігерлер.

Тақырып бойынша

Маусым айында 628 науқас пневмониядан көз жұмды – бас санитар дәрігер
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Қарағандыда Өзбекстанның он алты азаматы уланып қалды  
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмды
Кілт сөздер:
улану, Арқалық
Загрузка...

Басты тақырып