17:30 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
136 0 0

Қазір облыстағы ауруханаларда оттегі баллондарының жетіспеушілігі негізгі проблемалардың бірі болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында оттегі баллондарының тапшылығын жою үшін оттегі өндіретін цех салынады. Оған облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыс әкімі қазір ауруханаларда жасанды тыныс алдырту аппараттары мен оттегі тапшылығы туындап отырғанын атап өтті. 

"Кеше медицина мекемелерін аралау барысында бірқатар аурухана басшылары негізгі проблемалардың бірі ретінде оттегі баллондарының жетіспеушілігін атап өтті. Осыған орай, сала басшылары мен қала, аудан әкімдері облыс ауруханаларын оттегі баллондарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін өндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келіп, барлық мүмкіндікті пайдалануда", - деді Әбдіқалықова онлайн брифингте.

Айтуынша, облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмысы қолға алынған.

"Оған облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлінді", -деді ол.

Сонымен қатар, облыстағы 76 жасанды тыныс алдырту аппаратына маусым айында 20 портативті аппарат сатып алынды. Қосымша 63 аппаратқа өтінім берілді.

Әбдіқалықова бұл аппараттарды сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдіріп жатқанын айтты.

Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында 1456 адам вирус жұқтырған, 950 науқас жазылып шықты, үш адам қайтыс болды.

Загрузка...

Басты тақырып