Өңірлер

Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуМедсестра с лекарствами, архивное фото
Медсестра с лекарствами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысы дәрілерге күнделікті қажеттілікке және халықтың сұранысына қарай тапсырыс беріліп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында халық дәрі-дәрмекті жаппай сатып алып жатыр. Салдарынан науқастарға дәрі жетіспеуде. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вирусқа қарсы препараттар бар, алайда дистрибьюторлар тарапынан тапсырыста көрсетілген көлем толығымен жеткізілмей жатыр. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алуда. Мәселен, облысымызда үш айға жеткілікті дәрілер бір аптада сатылып кетіп, жетіспеушілік туындады. Бұл мәселе тек біздің аймағымызда ғана емес, бүкіл республикада бар", - деді Әбдіқалықова онлайн брифингте. 

Ол дәрілерге күнделікті қажеттілікке және халықтың сұранысына қарай тапсырыс беріліп жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар, облыс әкімі дәрі-дәрмектің бағасына да тоқталды. Айтуынша, тұрғындар дәріханаларда дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатыны жайлы жиі шағымданады. 

Осыған байланысты облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне осы салаға тұрақты мониторинг жасап, баға тұрақтылығын қатаң бақылау тапсырылды. 

Бұдан бөлек, бас санитардың қаулысына сәйкес, барлық мүдделі мемлекеттік органмен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мониторингтік топ құрылды. 

Сондай ақ, қала, аудан әкімдері және "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтар дәрі-дәрмек бағасы мен көлеміне қатаң бақылау жүргізеді. 

"Бүгінгі күні Қазақстанда 7452 дәрілік заттың атауы тіркелген. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 6 191 дәрінің атауына шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді. Дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасы туралы толық ақпаратты dari kz қосымшасынан көруге болады", - деді Әбдіқалықова.

Жаңалықтар
0