Өңірлер

Сқақов 22 мың теңге тұратын қорғаныс киіміне қатысты пікір білдірді

© REUTERS / BRIAN SNYDERМужчина в маске двигает стойки с защитными костюмами в лаборатории, где разрабатывают вакцину для борьбы с коронавирусом
Мужчина в маске двигает стойки с защитными костюмами в лаборатории, где разрабатывают вакцину для борьбы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысының әкімі өңірге 17 мың парацетамол қаптамасы мен 6,5 мыңнан астам Цефтриаксон мен Цеф-3 жеткізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов обаға қарсы қорғаныс киімінің бағасына қатысты сауалға жауап берді.

Сауал қоюшы мемлекеттік сатып алу сайтында обаға қарсы қорғаныс киімінің бағасы 7 500-22 000 теңге аралығында көрсетілгенін айтып, екеуінің қандай айырмашылығы бар екенін сұрады.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты 

"Бұл техникалық сипаттамаға байланысты, біз Павлодар облысында қажетті көлемдегі обаға қарсы киімнің бір данасын 7 500 теңгеден сатып алдық. Оның сапасын өзім көрдім. Бұған дейін дәрігерлерден ешқандай шағым түскен жоқ. 22 мың теңгеден киім сатып алған жоқпыз", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Сқақов облыс көлеміндегі медициналық ұйымдар бұған дейін жасалған келісім негізінде дәрі сатып алып жатқанын айтты.

"Қосымша 1,5 миллиард теңгеге дәрі сатып алу үшін өтінім жіберілді. Антибиотик, тромболитиктер және 33 атаулы гормондар жедел түрде сатып алынады", - деп нақтылады облыс әкімі.

Сонымен қатар Әбілқайыр Сқақов Павлодарға 17 мың парацетамол қаптамасы мен 6,5 мыңнан астам Цефтриаксон мен Цеф-3 жеткізілгенін айтты.

Брифинг барысында облыс әкімі шағын ауылдың тұрғынынан коронавирус табылған жағдайда қандай шара қолданылатынын түсіндірді.

"Шағын ауылдың тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылса, елді мекен карантинге жабылмайды. Алайда осы науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, инфекция ошағы хаттама бойынша тексеріледі", - деп нақтылады облыс әкімі.

Жаңалықтар
0