02:28 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
130 0 0

Әкімнің айтуына қарағанда, өткен тәулік ішінде 28 адам індетке шалдығып, өсім 1,4 процентті құрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Түркістан облысында 5 421 адам пневмония дертіне шалдықты, 46 науқас қайтыс болған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде пневмония дертіне шалдыққан адамдардың саны 5 421-ге жетті. Оның ішінде 2 933 науқас, яғни 54 проценті сауығып шықты. Өкінішке қарай, коронавирустан 11, пневмониядан 46 адам қайтыс болды. Жақындарынан айырылған адамдарға өз атымнан, облыс жұртшылығы атынан қайғырып көңіл айтамын", – деді Шөкеев онлайн брифингте.

Айтуынша, облыста коронавирус инфекциясы 2 079 адамда расталған. Оның ішінде ең көбі Түркістан қаласында – 602 адам, Кентау қаласында – 415 адам, Сайрам ауданында – 262 адам тіркеліп отыр.

1 911 адам, оның тоғызы – бала стационарлық бақылауда жатыр.

Өткен тәулікте 28 адам індетке шалдыққан, өсім 1,4 процентті құрады.

Оқи отырыңыз: Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын – Түркістан әкімі

2 079 науқастың 795-і дертінен айығып шықты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Түркістан қаласында жаңа университет ашылды
Жазбасымен жұртты дүрліктірген Түркістан облысының тұрғыны анықталды
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Түркістан облысында желіде видео жариялаған дәрігер қызметтен қуылды
Әйелді байлап, қару кезеген: Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалды
Кілт сөздер:
коронавирус, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып