02:45 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
85 0 0

Өңір басшысы қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төленетінін атап өтіп, әкімдік тарапынан барлық қолдауды көрсетуге уәде етті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Түркістан облысында 132 дәрігер індетке шалдықты, бесеуі пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы облыс бойынша 132 медицина қызметкері індетке шалдықты. Оның 24-і емделіп шықты. Өкінішке қарай, бес дәрігер пневмониядан көз жұмды", – деді Шөкеев онлайн брифингте.

Өңір басшысы қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төленетінін атап өтті. Облыс әкімі әкімдік тарапынан барлық қолдауды көрсетуге уәде етті.

"Жалпы облысымызда 17 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың қазіргі жұмысы өте қауіпті әрі күрделі. Олар уақытпен санаспай, жеке қауіпсіздігін ойламай, осы індетпен күресіп жатыр. Сол үшін бүкіл ел атынан алғыс айтамыз", – деді әкім.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді

Түркістан облысында коронавирус диагнозы 2 079 адамда расталды. 795 науқас емделіп шықты, он бір адам қайтыс болды.

Ал пневмония шалдыққандар саны бес жарым мыңға жуықтады. Қырық алты науқас көз жұмған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты
Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі
Дәрігер коронавирус кезінде нені жеуге болмайтынын айтты
Маңғыстауда дәрігер тапшылығы қалай шешілуде: әкім жағдайды түсіндірді
"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты
Кілт сөздер:
қайтыс болды, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып