Қоғам

Қазақстанның бір облысында локдаун режимі енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевПустые улицы Нур-Султана днем
Пустые улицы Нур-Султана днем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстың бас санитар дәрігері қол қойған қаулы 2020 жылы 11 шілде күні сағат 00:00-де күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құжаттың мәтіні тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жариялады. Оған сәйкес, 2020 жылы 11 шілде сағат 00:00-ден бастап 13 шілде сағат 00:00-ге дейін облыс бойынша локдаун тәртібі орнатылады.

Негізгі талаптар:

1. Облыс тұрғындарына далаға шығуға тыйым салынады. Бірақ келесі жағдайда рұқсат бар:

  • жұмысқа бару;
  • медициналық көмекке жүгіну;
  • үйге жақын дүкендер мен дәріханалардан өндірістік тауарлар, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;
  • қоқыс шығару;
  • саяжайға бару;
  • үнемі күтімді қажет ететін науқастар мен кәрілерге күтім жасау;
  • жануарларды далаға шығару;

Негізгі шектеулер:

  • барлық ойын және ойын-сауық түрлеріне тыйым салу;
  • саяжайға баратын маршруттан басқа қоғамдық көлік қатынасын тоқтату;
  • азық-түлік сататын нысандардан басқа барлық қоғамдық тамақтану мен сауда нысандарын жабу;
  • көтерме саудадан бөлек барлық базарлардың жұмысын тоқтату;
  • скверлер, саябақтар, жағажайлар, демалыс базалары және сол жерде орналасқан тамақтану және сауда орындарын жабу.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға қатаң карантин керек пе – сарапшылар пікірі

Қаулы 2020 жылы 11 шілде күні сағат 00:00-де күшіне енеді.

Жаңалықтар
0