18:05 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1345)
9533 0 0

Маусым айының соңында Алматы облысының әкімі коронавирус инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл бөлген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін. Ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке тең еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым", - деп жазды әкім.

Ол жұмысқа кірісіп, індетпен күресті жалғастыратынын айтты. Баталовтың айтуынша, дерттің бетін қайтару үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керек. 

Еске сала кетсек, маусым айының соңында Алматы облысының әкімі коронавирус инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Дерттің асқынуына байланысты дәрігерлер Амандық Баталовты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар шенеунік коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бар. Сонымен қатар Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус жұқтырды.

 

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1345)

Тақырып бойынша

Президенттік клиниканың дәрігері неден қайтыс болғаны айтылды
"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді
Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
"Беті қан-қан": Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім құшты
Кілт сөздер:
әкім, Алматы облысы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып