Өңірлер

Бұтақ арасына тығыла тұр деген: алматылық ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

© Photo : pixabayБала және ер адам
Бала және ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елу тоғыз жастағы жергілікті тұрғын балаға су сатып әпергісі келгенін айтқан, қазір осы фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның бес жасар баланы ұрламақ болғаны туралы ақпарат пен бейнеролик тарап жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді.

Кадрдан әйелдің бейтаныс ер адамды телефон камерасына түсіруге тырысып жатқанын көруге болады. Ер адам болса, бұрылып, кетіп қалған. Видео 10 шілдеде көшедегі бейнебақылау камерасына жазылды.

"Көршім аулада ойнап жүрген балаларға қарап күлімсіреген бөтен ер адамды байқайды. Ол бүлдіршіндердің бірін дүкенге шақырған. Әйел сезіктеніп, олардың артынан ілескен. Ер адам көрші әйелді көріп қалып, баладан бұтақ арасына тығылып, оны күтуді өтінген", - делінген желіде тараған ақпаратта.

Роликтегі ер адам ұсталып, баланың ата-анасының арызы негізінде полицияға жеткізілгені хабарланды. Алайда, профилактикалық әңгімеден соң, полиция оны жібере салған.

Тағы оқыңыз: Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматының полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды білді. Полиция бүлдіршіннің әке-шешесі осы оқиға бойынша құқық қорғау органдарына арызданғанын растады.

Оқиға Алматының Түрксіб ауданында болған. Полицейлер ер адамды іздеп тауып, ұстады. Ол 59 жастағы жергілікті тұрғын.

Ер адам полицияға балаға су сатып әпергісі келгенін айтқан.

Оның шын мәнінде қандай ойы болғаны тергеу барысында анықталады, деді департаменттен.

Жаңалықтар
0