Қоғам

Әкімдік вирусқа қарсы препараттар кімдерге тегін берілетінін хабарлады

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуЛекарства
Лекарства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, тегін таратылатын дәрі-дәрмекті өңірдің 30 мыңға жуық тұрғыны алады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Алматы облысында сырқаттану қаупі жоғары адамдарға тегін таратылуы үшін вирусқа қарсы препараттарды сатып алуға 50 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қаражат аймақ басшысы Амандық Баталовтың арнайы тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген. Ал дәрі-дәрмектер қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарға және әлеуметтік әлсіз топтарға тегін беріледі",– делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, дәрі-дәрмекті 30 мыңға жуық адам алады.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус пандемиясымен күресуге 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Сонымен қатар, түрлі дәрі-дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 миллион теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

Жаңалықтар
0