Өңірлер

ҰҚК Жамбыл облысында болған жағдай туралы ақпарат таратты

© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаВ Алматы задержаны и с санкции суда подвергнуты аресту два приверженца деструктивного религиозного течения
В Алматы задержаны и с санкции суда подвергнуты аресту два приверженца деструктивного религиозного течения - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, 16 шілде күні Қордай ауданында "Ауди-100" маркалы автокөлік тоқтатылған. Оны қызметтік итпен тексеріп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облысында анықталған қылмыстар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 16 шілде күні Қордай ауданында "Ауди-100" маркалы автокөлік тоқтатылған. Қызметкерлер оны итпен тексеріп шықты. Сол кезде жүксалғышта скотчпен оралған екі дорба табылды.

"Сараптама нәтижесі бойынша белгісіз өсімдік заты жалпы салмағы 20 келі 575 гр 120 мг болатын "кептірілген түрдегі марихуана" есірткі заты болып шықты. Көлік иесі қамауға алынды", - дейді ҰҚК мамандары. 

Бұдан бөлек, комитеттің шекара қызметі 15 шілде күні Жамбыл облысындағы "Қарасу" көлік өткізу бекетінде 23 инвазивті емес тыныс алдырту аппаратын заңсыз кіргізу фактісін анықтады. Медициналық құрылғылардың құжаттары болмаған. Ал 11 тонна этил спиртін "антисептик" деп көрсеткен. 

"Қылмыскерлер тыныс алдырту аппараттарын халық тұтынатын тауарлардың арасына тығып қойған. Ал этил спиртін "қолға арналған гигиеналық құрал" деп көрсетіп, шекарадан алып өтпекші болған. Тыныс алдырту аппараттары мен этил спирті экономикалық тергеу қызметіне тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтар
0