18:15 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (593)
2324 0 0

Екі апта бойы жұма-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді, жазғы дәмханалар, саябақтар мен турбазалар жабылады. Жаңа қаулы 2020 жылғы 24 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейеді. Атап айтқанда, екі апта бойы жұма-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді, жазғы дәмханалар, саябақтар мен турбазалар жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде науқастарға арналған орындардың 71 проценті бос емес. Ал бір аптаның ішінде инфекцияны жұқтыру көрсеткіші R>1.15 құрап отыр. 

"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 24 шілдедегі сағат 00.00-ден 27 шілдедегі сағат 00.00-ге дейін, сондай-ақ, 31 шілде-3 тамыздағы аралығында уақытша шектеу шараларын күшейту енгізілсін", - делінген бас санитардың қаулысында. 

Жеке көлікпен жүруге де шектеу бар

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көршілер, таныстар, туыстар мен әріптестерді қонаққа шақырмауға кеңес берілді. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Облыста және елді мекендердің ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге шектеу енгізіліп отыр. Ол үшін нақты себептеп болуы керек. Олар:

  1. тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;
  2. азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу; 
  3. шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
  4. үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету.

Ал респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай, 103-ке хабарласып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Жазғы дәмханалар, саябақтар мен дүкендер жабылады 

Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес, екі апта бойынша жұма-жексенбі күндері бірқатар нысандар өз жұмысын тоқтатады. Олар:

  • жазғы алаңдары бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандары (тұтынушыға тауарларды жеткізу қызметі қала береді);
  • сауда нысандары;
  • сауда базарлары;
  • скверлер, саябақтар, жағалаулар, соның ішінде олардың аумағында орналасқан тамақ және сауда нүктелерінің қызметі;
  • туристік нысандар (демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.).

Ал тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сататын бөлшек сауда орындары, сондай-ақ, барлық азық-түлік тауарларының көтерме саудасын жүргізетін нысандар жұмыс істей береді. 

Автобус тоқтайды

Бас санитар саяжай бағыттарын қоса алғанда, елді мекендер шегінде қоғамдық көліктердің қозғалысын да тоқтатуды бұйырды. Ал такси қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар жолаушыларды тасымалдағанда нақты талаптарды сақтауы шарт. Олар: 

бір отбасының мүшелері болмаса, жолаушылардың саны жүргізушіні есептемегенде 2 адамнан аспауы тиіс;

жүргізушілер бетперделер мен қолғаптарды киюі шарт, ал жолаушылар көлікте бетпердемен отыруы қажет;

әр рейстен кейін жуғыш заттар мен дезинфекциялық заттарды қолдана отырып, көлікті міндетті түрде жуу керек;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Ал ПИК-тер мен жай серіктестіктер пәтер иелерімен бірлесіп, балалар және спорт алаңдарын, үйлердің кіреберістерін дезинфекциялық өңдеуді жасауы тиіс. Кәсіпорын басшылары да өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирустық препараттармен дезинфекциялау арқылы жалпы тазарту жұмыстарын атқарып шығуға міндетті. 

Жаңа қаулы 2020 жылғы 24 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (593)

Тақырып бойынша

"Тоқтамай тұр": Тоқаев маңызды мәселе туралы айтты
Полиция Батыс Қазақстанда болған жағдай туралы ақпарат таратты
"Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме берді
Стационарда неге видео түсіруге болмайды – министрдің түсініктемесі
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
карантин, Солтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып