Өңірлер

Полиция Батыс Қазақстанда болған жағдай туралы ақпарат таратты

© Sputnik / Тимур БатыршинСлужба вызова полиции “102”
Служба вызова полиции “102” - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция үй иесінің ұйымдастыруымен өткен жиынды фотоға түсіріп алды, оған жиырмадан астам адам қатысқан

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында полиция қаладағы жеке үйлердің бірінде өтіп жатқан туған күннің үстінен түсті.

Полиция қызметкерлерінің келгенін көрген қонақтар қашып кетті. Алайда тәртіп сақшылары фото және видео түсіріп үлгерді, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Туған күнді ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Салтанатты жиынға 20-дан астам адам қатысты, олардан түсініктеме алынды",- деді Бөрлі аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтеғұлов.

Полиция коронавирус инфекциясының таралуы мен індеттен қайтыс болған адам санының көп болуына қарамастан, қазақстандықтар осындай шаралардың қауіпті екенін түсінбей отыр деп санайды.

Олардың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындар арасында, қала көшелерінде және елді мекендерде ауқымды түсіндіру жұмысын, сондай-ақ карантинді сақтау бойынша үнемі рейд жүргізіп отырады. Бөрлі ауданында бір рейд кезінде 20-ға жуық тәртіп бұзушылық тіркеледі.

"Карантинді бұзудың 60 фактісі анықталды, басым бөлігі сағат 23:00-ден кейін жүріп-тұруға тыйым салу талабын бұзу бойынша тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бір реттік маскаларды жоғары бағамен сату бойынша екі жағдай анықталды, бұл да заңсыз", - деп атап өтті Дәурен Өтеғұлов.

Барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жіберілді.

Жаңалықтар
0