Өңірлер

Алматыда тағы бір орталық инфекциялық стационарға айналады

© Sputnik / Тимур БатыршинСтационар на базе "Халык Арена"
Стационар на базе Халык Арена - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың саны 2-ден 26-ға дейін артты, соған сәйкес қалада науқастарға арналған төсек-орын саны да көбейді

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Алматыда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимараты коронавирус пандемиясы кезінде инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, орталық ғимаратына науқастарға арналған 500 төсек-орын қойылады.

"Пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың саны 2-ден 26-ға дейін артты, соған сәйкес қалада науқастарға арналған төсек-орын саны да көбейді. Қазір қалада 6000 орын бар. Осы аптада 250 төсек-орынға арналған "Қазақстан" шипажайы, 376 төсек-орынға арналған "Көктем" шипажайы, 140 адамға арналған "Самал" пансионаты, 100 төсек-орындық ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі қайта бейінделеді", - деді Надыров.

Аталған орталық инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді, ал коронавирус кезеңінен кейін толыққанды көпбейінді стационар ретінде жұмысын жалғастырады, деп толықтырды басқарма басшысы.

Оқи отырыңыз: Алматыда пневмониямен ауруханаға түсетіндер саны екі есеге азайды 

Айтуынша, қазір орталықта құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Медициналық техника мен қажетті кадрды жасақтау мәселесі пысықталып жатыр. Нысан қыркүйекте ашылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 9635 адамға жетті, 5 796 адам жазылып шықты, 73 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0