Өңірлер

Алматыда жаңа бағдарлама қабылданды: енді оттегі әр төсек-орынға келіп тұрады

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 қыркүйекке дейін жағдайы ауыр науқастармен жұмыс істейтін 8 клиника орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етіледі

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы сегіз емхана медициналық оттегімен толық қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, сапалы емге әсер ететін фактордың бірі – ол науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз ету. Сол үшін жағдайы ауыр науқастармен жұмыс істейтін сегіз инфекциялық клиникадағы төсек-орындар 100% оттегімен қамтылады.

Бұл мәселені шешу үшін медициналық ұйымдарға оттегі станцияларын орнату бойынша қалалық бағдарлама қабылданды. Енді оттегі концентраторы қажет болмайды, оттегі әр төсек-орынға келіп тұрады.

"Қаржы бөлінді. 10 қыркүйекке дейін жағдайы ауыр науқастармен жұмыс істейтін бірінші эшелондағы 8 клиника орталықтандырылған оттегі беру жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етіледі", - деді Сағынтаев.

Екінші кезеңде екінші эшелондағы емханалар оттегімен қамтамасыз етіледі.

Алматы әкімі сондай-ақ коронавирустың жеңіл түрімен ауырып, үйіне шығарылған науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетінін айтты.  

"Егер науқас амбулаториялық емдеуде болса немесе стационардан үйде емделуге шықса, онда біз оны толық көлемде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуіміз керек. Нақты тізім бойынша барлық клиниканы, әрбір емханадағы қорды есепке алдық. Науқас мемлекеттен бұл дәрі-дәрмектерді толық алуы тиіс. Бұл науқастар қаладағы мобильді бригадалардың бақылауында", - деді Сағынтаев.

Оқи отырыңыз: Бас санитар Қазақстанда қандай жағдайда карантин күшейтілетінін айтты 

Алматыда медициналық көмек көрсететін мобильді топтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада коронавируспен күреске 4464 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Айта кетейік, Алматыда 9851 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 5796 адам жазылып шықты, 73 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0