Өңірлер

43 градус ыстық және бұршақ: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы 

© Photo : СС0 / Hans BraxmeierГрад
Град - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" РМК директоры Данара Әлімбаева 24-26 шілдедегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

"Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн күркіреп, дауылды жел мен қатты жаңбыр болады. Бұршақ түсуі де ықтимал. Тек республиканың батысында күн ашық", - деді Әлімбаева онлайн брифингте.

Айтуынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 30-39 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градуске дейін аптап ыстық сақталады. Қазақстанның шығысында температура 25-30 градус, оңтүстікте 33 градусқа дейін көтеріледі. 

Кейін республиканың батысы мен солтүстігінде ыстықтың беті аздап қайтады. 

"Алдағы күндерде елордада жаңбыр жауады. 24-25 шілдеде күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, қатты жаңбыр болжанады. Бұршақ түсуі де ықтимал. Ауа температурасы түнде 16-18 градустан 12-14 градусқа дейін, күндіз 22-24 градустан 20-22 градусқа төмендейді", - деді ол. 

Ал Алматыда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін күшейеді. 26 шілдеде күн ашық, жауын-шашынсыз, күндіз 33-35 градус, түнде 20-22 градус ыстық болады.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет тамыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

Жаңалықтар
0