Өңірлер

Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді

CC0 / pixabay.com/takedahrs / Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото
Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин талаптарын бұзған той иесіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Сайрам ауданында карантин кезінде келін түсірген тұрғындар анықталды. Манкент ауылында полиция тойдың үстінен түсіп, қонақтарды үйіне қайтарды.

"Сайрам аудандық полиция басқармасына Манкент ауылының тұрғыны үйінде 50-ден астам адамды жинап, келін түсіру тойын өткізіп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Полиция мен әкімдік қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция бір топ адам жиналған тойды тоқтатты", - делінген Polisia.kz порталының ақпаратында.

Карантин талаптарын бұзған той иесіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Жиналған ақпарат шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Портал мәліметіне сәйкес, Сайрам ауданында осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді.

"Жергілікті тұрғын үйіне 20-дан астам адамды жинап, келін түсірген. Тағы бір тұрғын 15-тен астам адамды жинап, қыз ұзату тойын өткізген. Бұл екі жайтта да мобильді топ шұғыл жетіп, адамдардың көптеп шоғырлануына жол бермей, той-жиындарды тоқтатты", - делінген ақпаратта.

Карантинге қарамастан тыйылмай тұр: президент той-томалақ туралы айтты 

Іс құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Айта кетейік, аудан көлемінде тексеріс жүргізетін мобильді топ карантин талаптарын бұзудың 80 дерегін анықтады.  

Жаңалықтар
0