Өңірлер

Алакөлге баратындар нені білуі тиіс?

© Photo : Акимат Алматинской областиОзеро Алаколь
Озеро Алаколь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22 шілде күні Үржар ауданының бас санитары Алакөл аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы қаулы шығарған болатын. Екі күннен соң қаулының күші жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті Алакөлге қатысты тағы бір талапты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Комитет төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, Алакөлдің шығыс жағынан келетін демалушыларда коронавирусқа тапсырылған тест сынамасының анықтамасы болуы қажет. Оны барлық отбасы мүшелеріне алудың қажеті жоқ. Біреуі ұстап жүрсе болады. 

"Шығыс Қазақстан Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесінде ПТР-анықтама болса, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуға болды. Ал блок бекеттерде туристік аймақтарда бронь жасалған орындардың бар-жоғы тексеріледі", - деді Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Комитет басшысы осы талаптың тек шығыс жағынан келетін адамдарға ғана қатысты екенін ескертті.

Алакөл қайта ашылды

22 шілде күні Үржар ауданының бас санитары Ляззат Шокобалинова Алакөл аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы қаулы шығарған болатын. Осыдан кейін жергілікті тұрғындар облыс әкіміне үндеу жолдап, президенттің атына хат жолдады. Кәсіпкерлер бір күннің ішінде бетон блоктарының қойылғанына наразылық білдіріп, Алакөлдің жағасын 30 тамызға дейін жаппауды талап етті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANATOLIY KIM (@kazmma)

24 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Магомед Исмаилов аудандағы әріптесінің қаулысын тоқтатты. Осылайша, екі күнге жабылған Алакөл қайтадан ашылған болатын.

Жаңалықтар
0