12:32 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1079 0 0

Ол Қытайдан келген 4 вагонды теміржол стансасынан жеделдетіп жіберу үшін компания директорынан мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алтынкөл" стансасының бастығы ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-на қарасты "Алтынкөл" стансасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол өзіне бағынышты жүк бөлімінің аға қабылдау-өткізу маманы арқылы Қытай Халық Республикасынан келген 4 вагонды теміржол стансасынан жеделдетіп жіберу үшін ЖШС-тің экспедиторлық компаниясы директорынан мың доллар сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.

Тақырып бойынша

Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео
Бір сөмке ақша: Сәпиевтің орынбасарына қатысты тағы бір істің видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Кілт сөздер:
пара, видео
Загрузка...

Басты тақырып