Өңірлер

Қазақстанда бір күнде 12 орман мен дала отқа оранды

© Photo : пресс-служба КЧСВ Акмолинской области пожар локализован
В Акмолинской области пожар локализован - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар комитеті елімізде ыстық ауа райына байланысты жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Екінші тамызда Қазақстанда 12 табиғи өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Қостанай және Павлодар облыстарында екі орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы үш дала өрті комитет бақылауына алынды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Сонымен қатар екінші тамызда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрғақ шөп өрті ауыздықталды.

Аталған өңірлерде дала өртінің жалпы ауданы 3 537 гектарды құрады. Ең көлемді өрт Ақтөбе облысы (2000 гектар) және Батыс Қазақстан облысында (1 394 гектар) болды.

Айта кетейік, елімізде ыстық ауа райына байланысты жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0