Өңірлер

Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарады - жұрт нені талап етіп отыр

© Sputnik / Ксения ВоронинаВид на Актау с побережья
Вид на Актау с побережья - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде адамдар "оларға карантин режимін бұзуға болады, сонда бізге не болмайды?" деп жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Белсенді Мұхтар Үмбетов Бибіжамал Әбләзімованың жанасына жүздеген адам жиналуына байланысты полиция департаменті басшысы мен санитарлық дәрігерді отставкаға жіберуді талап етіп отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова өмірден озды. Өңірдегі шектеу шараларына қарамастан, жүздеген адам марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға барған.

Алайда бұл жағдайды көптеген тұрғындар қолдамай отыр. Өйткені облыста адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған, соның ішінде жаназа мен ас та бар. Тек марқұмның жақын туыстары ғана болуы тиіс.

Бұдан бөлек, көп адам мен көліктің жиналуына байланысты қаладағы қозғалысқа кедергі келтіріліп, жолдар жабылғаны айтылып отыр. Ал полиция болса, мұны жоққа шығарып, барлық адамдар қашықтық сақтағанын алға тартты.

Әлеуметтік желіде адамдар "оларға жасауға болады, сонда бізге не болмайды?" деп жазып жатыр. 

"Маңғыстау облысы полициясының басшысы және санитарлық дәрігер қызметінен босатылуы керек. Шараға қатысқан барлық шенеуніктерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуі қажет. Олар айыппұл төлеп, тәртіптік жазаға тартылуы тиіс", - деді телеарнаға Мұхтар Үмбетов.

Өңірлік полиция Бибіжамал Әбләзімовамен қоштасу рәсімін ұйымдастырғандар карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Олар 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлеміндегі айыппұл төлейді.

Жаңалықтар
0