15:30 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1309 0 0

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша 3-17 тамыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Ақтау қаласында өткен жаназаға қатысты тексеріс бастады. Карантиндік шектеуге қарамастан, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімовтің анасын ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция департаменті тиісті шараларды дер кезінде қолға алмады. Соның салдарынан қатаң карантин кезінде тәртіп бұзушылыққа жол берілді. Осыған байланысты министр қызметтік тексеріс өткізуді тапсырды. 

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтау қаласындағы жерлеу рәсіміне адамдардың көптеп жиналуына қатысты қызметтік тергеу шараларын өткізуді тапсырды", - деді ведомствода.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша 3-17 тамыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Көпшілік шараларын өткізуге де тыйым салынды. Соған қарамастан, Ақтау қаласындағы жаназаға жүздеген адам жиналды. Ал кейбір тұрғындар бас полицей мен санитарды отсатвкаға жіберуді талап етті.   

Бұған дейін желіде Ақтаудағы жаназаның видеосы тараған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, полиция генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында өмірден озды. Жүздеген адам оны жерлеу рәсіміне жиналды. 

Айта кеткен жөн, Бахаридин Әбләзімов Forbes-тің нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне кіреді.

Тақырып бойынша

Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарады - жұрт нені талап етіп отыр
Мүфтият жаназа мен жерлеу талаптарын жариялады
Ақтауда педофил ұсталды - видео
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Кілт сөздер:
видео, тексеріс, жаназа, Ақтау, Ішкі істер министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып