Өңірлер

Астрахань облысындағы қазақ диаспорасы Атырауға гуманитарлық жүк жіберді

© Photo : сайт посольства РК в РФКазахская диаспора Астраханской области направила гуманитарный груз в Атырау
Казахская диаспора Астраханской области направила гуманитарный груз в Атырау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау госпиталіне 20 мың маска, 500 литр зарарсыздандыру құралы, 1000 инфузиялық жүйе, 1000 медициналық бинт, 300 қорғаныш костюмі және тағы басқа заттар жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Ресейдің Астрахань облысынан Атырау облысына бір тоннандан астам медициналық жүк жіберілді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

 Астрахань өңірінің "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының мүшелері мен Қазақ мәдениетін дамыту қоры 20 мың медициналық маска, 500 литр зарарсыздандыру құралы, 1000 инфузиялық жүйе, 1000 медициналық бинт, 300 қорғаныш костюмі, жаялықтар, С дәрумені және тағы басқа заттар сатып алып, Атырау облысына жөнелтті.

Оқи отырыңыз: Ақорда Тоқаев пен Ердоғанның қандай келісімге келгенін хабарлады  

"Қазақстан Республикасының бауырлас халқына арналған гуманитарлық көмек жинауды бір апта бұрын бастадық. Осылайша "Жолдастық" қоғамының белсенділері мен мүшелері біздің губернаторымыз Игорь Бабушкиннің ең жақындағы көршілеріміз – Атырау облысына жаңа коронавирус инфекциясының таралуымен күресте көмек көрсету туралы шешімін қолдады", – деді Нұрлан Қандықов.

 Ол осы жүкті жинауға атсалысқан "Жолдастық" қорының белсенділеріне, серіктестер мен шет қалмаған қарапайым азаматтарға, қиын-қыстау мезетте қазақстандықтардың қасынан табылған баршаға алғыс айтты.   

"Әсіресе Астрахань облысындағы шешендер қоғамдастығының мүшелері мен Шешен Республикасы басшысының Астрахань қаласындағы уәкілетті өкілінің акцияға қатысуын ерекше атап өткім келеді", – деп түйіндеді Қандықов.

Ақшалай қаражат апта ішінде жиналып, Атырау госпиталімен қажетті дәрі-дәрмектің тізімі келісіліп, көлік мәселесы шешілген. Мұның бәрі жүкті жедел түрде жнақтап, ең қысқа мерзімде жіберуге мүмкіндік берді.

Жаңалықтар
0