Өңірлер

Ақтауда СОБР қызметкерлері 40 адамды ұстады

© Sputnik / Ксения ВоронинаВид на проспект президента республики Казахстан в Актау
Вид на проспект президента республики Казахстан в Актау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Мекеме иесі карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында саунаға барған қырыққа жуық адам ұсталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті. 

8 тамызда криминалды полиция басқармасы мен СОБР қызметкерлері 23:00-де 22-ші шағын аудандағы саунада тексеріс жүргізді. 

"40-қа жуық адам ұсталды. Полицейлер шектеуге қарамастан, сауна жұмыс істеп тұрғанын анықтады. 15 кабинада адам болған. Карантин режимін бұзғандарға қатысты 425-бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Мекеме иесі Абдурахим Қалимов карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр. 

"Бізде қоғамдық монша емес. Жеке кабиналар ғана бар. Ал соңғысының жұмысына тыйым салынған жоқ. Маңғыстау облысы санитарлық дәрігерінің №35 қаулысында жазылмаған", - дейді "Тумба" басылымы Қалимовқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті де санитар дәрігердің қаулысына негізделіп отыр.

"Құжатта жеке кабиналар жұмыс істеуіне болады деп жазылмаған. Мұндай жағдай үшін өзге сауна иелері жауапкершілікке тартылды", - деді полицияда.

Сот шешім шығаратын болады.

Жаңалықтар
0