16:20 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
484010

Күдіктілерді тінту кезінде екі автомат, үш тапанша, сонымен қатар оқ-дәрілер табылып, тәркіленіп алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымда жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 тамыз күні атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады  

"Соның аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды ұстады. Тінту кезінде заттай айғақтар, оның ішінде екі автомат, үш тапанша, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды", - делінген ресми хабарламада.

9 тамызда сот күдіктілерді қамауға алу туралы санкция берді. Қазіргі кезде олардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тақырып бойынша

Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топ мүшелері қандай көмек көрсеткенін айтты
Мемлекеттік құпияны жариялаған Майлыбаев бостандыққа шықты
Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді – видео
Кілт сөздер:
видео, деструктивті діни ағымдар
Загрузка...

Басты тақырып