12:42 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1526 0 0

Шілде айының жалақысын алмаған жүргізушілер, оның толық төленгенін талап етеді. Ал қала билігі карантинге байланысты қоғамдық көліктер күніне 6 сағат қана жүргенін алға тартады

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Семей тұрғындары кейбір автобустардың жоқтығына шағымданды. Ал Semey bus компаниясымен мұны "форс-мажор жағдайы" деп түсіндірді.

"Автопарк жүргізушілері шілде айындағы жалақыны төмендетілген мөлшерде емес, толық көлемде төлеуді талап етіп, өз бағыттарына шығудан бас тартқан. Бұл оқиға аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қалаға сапары кезінде болды", деп хабарлады semey.city сайты.

Жүргізушілердің айтуынша, оларға жұмыс істеген әр күн үшін 4 500 теңге төлеген, ал негізінен 8 000 теңгеден асып түсуі тиіс екен. Жұмысшылар автопарк басшылығымен кездескенде, "егер ұнамаса, шығып кетіңіз" деген жауап алған.

Жұмысшылардың мұндай әрекетке бару себебін анықтау үшін оқиға орнына әкімдік қызметкерлері келді.

"Сағат 6.30-да Semey bus ЖШС-нің 104-ке жуық көлігі қозғалысқа түсуді жоспарлады. Бірақ, жүргізушілер шілде айы үшін толық төлем талап етіп, желіге шығудан бас тартқаны туралы ақпарат түсті", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Серікқали Жұманов.

Ол қалада карантин енгізілгендіктен, қоғамдық көліктер тек 10.00-ден 16.00-ге дейін жүрген жұмыс уақытына ғана төленгенін түсіндірді. Алайда, мұндай шешім жүргізушілердің көңілінен шықпаған.

Тіпті, олар жалақыларының қысқартылатынын білмегенін айтады.

Забастовка водителей автобусов в Семее 10 августа 2020 года
© Photo : Youtube
Карантин енгізілгендіктен, қоғамдық көлік жүргізушілеріне тек 10.00 - 16.00-ге дейінгі жұмыс уақыты үшін төленген

"Біздің жалақымыз төмендетілді, зейнетақы жарналары да жоқ. Жалақыны 50%-ке азайтқан", - дейді бір жүргізуші.

"Коронавирус басталғалы оны төрт-бес рет қана берген шығар. Мен жеке кәсіпкер болғанмын, зейнетақы жарналарын төлеп тұрдым. Ал жеке кәсіпкерлікті жауып, осында ауысқалы ешқандай аударым жоқ. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеймін. Медициналық сақтандыру да, бұйрық та жоқ. Соңғы жалақы әдеттегідей 128 мың теңгені құрады. Бірақ, біздің бригадиріміз 12 жұмыс күнінде 65 мың теңге алды, бұл кондуктордың жалақысы. Ол 156 мың теңге алуы керек еді", - деді тағы бір жұмысшы.

Электронды төлем жүйесі енгізілуіне байланысты кейбір кондукторлар жұмыстан шығарылды. Жүргізушілер қолма-қол ақшамен төлеуді жалғастырған жолаушылармен өздері жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Жүргізушілер кондуктор болғаны үшін қосымша ақы төлеуді сұрады. Автопарк басшылығы барлық проблемалық мәселелерді назарға алып, ал біз жүргізушілермен сөйлесіп, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын түсіндірдік", - деп жалғастырды Жұманов.

Жүргізушілер мәселесі қалай шешіледі

Тұтынушылардан түскен қаражат жолаушылар тасымалы орталығынан өтеді, деді жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы. Ал қаражатты бөлу бойынша арнайы жұмыс тобы бар.

"Semey bus басқармасының жетекшілері жүргізушілердің салықтық төлемдері мен жалақысы және кондукторлық қызметке үстемақы төлеу бойынша проблемалық мәселелерді шешу үшін он күн сұрайды. Біз жағдайды тұрақтандыру үшін тағы да кездесіп, айтылған мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылатын болады", - деді Жұманов.

Ол осындай пікір алмасудан кейін сағат 9.30-да желіге 30 шақты көлік қосылғанын атап өтті.

"Автобустар әр сағаттың басында немесе жарты сағат сайын қосылады. Желіде Semey bus-тан басқа да автопарктер бар. Қазіргі таңда біздің 195 бірлік көлігіміз қозғалысқа қосылған", - деді ол.

Оқи отырыңыз: "Жаман сөздің бәрін біз естиміз": Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі

Жұманов карантинге байланысты Семейдегі жолаушылар тасымалы екі есеге қысқарғанын еске салды.

Тақырып бойынша

Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды
Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз
Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Кілт сөздер:
карантин, автобус, Семей
Загрузка...

Басты тақырып