13:37 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2334 0 0

Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада. 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды. 

Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер
Загрузка...

Басты тақырып