Өңірлер

Қылмыстық іс қозғалды – Шымкенттегі оқиғаға қатысты ресми ақпарат шықты

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуУлица Чимкента
Улица Чимкента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департаменті мейрамханада болған атыстың мән-жайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болды. Екі адам жарақат алды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. 

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 287-бабы ("атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.

Тергеушілер күдіктілерді анықтады. Оларды ұстау шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін. Бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Ал қару-жарақты заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін айыпппұлдан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

Жаңалықтар
0