Өңірлер

Батыс Қазақстанда полицейдің ұлы видео жариялады: анасы жауапқа тартылды

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Социальные сети
Социальные сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Мақсұтхан Әбләзімовтің кәмелет жасқа толмаған ұлы көлікті куәліксіз айдаған. Сол үшін жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтық полицияға сілтеме жасап.

Бас полицейдің ұлы көлікпен жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Полицейлер мониторинг жасағанда бірнеше видеоның Орал мен Ақтауда түсірілгенін анықтады. 

Көлікті басқарған жасөспірім анасымен бірге тұрады. Ол - Мақсұтхан Әбләзімовтің бұрынғы жұбайы. Екеуі 10 жыл бұрын ажырасқан. Баласы анасымен бірге қалған.  

"Жасөспірімнің анасы – 1967 жылы туған А.Г. Ақтау қаласында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабының 2-тармағы ("кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы") бойынша жауапқа тартылды. Ал Орал қаласында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 128-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту")  бойынша жаза қарастырылған (50 АЕК, яғни 138 900 теңге көлемінде айыппұл - Sputnik)", - деді полицейлер. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ. 

Ақтаудағы жаназа 

Тамыздың басында Ақтау қаласында карантиндік шараларға қарамастан, жаназаға жүздеген адам жиналған болатын. Жиынның видеосы таралып кетті. 

ІІМ генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова қайтыс болды.

Желі қолданушылары облыстық полиция басшысы мен санитарлық дәрігерді қызметінен босату қажет деп шықты. Шараға қатысқан барлық шенеунікке қатысты қызметтік тергеуді жүргізу керектігін айтты. 

Артынан полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады. Алайда қоштасу рәсімін ұйымдастырғандар карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды. 

 

Жаңалықтар
0