Өңірлер

Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Процессингтік орталықтың басшысы мен қызметкері мемлекет бюджетіне 270 миллион теңгеден астам залал келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық полиция департаментінің лауазымды тұлғасын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы қаласы полиция департаменті процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты алып жатқан кезде ұсталды", - делінген ресми хабарламада.  

Олар үш жылдан бері бюджет қаражатын жымқырған. Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзған адамдардың ақшасын алып, қалтасына басып отырған.

"Автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілген. Алдын ала дерек бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық үшін төленуі тиіс 270 миллион теңгеден астам қаржы түспеген", - дейді тергеушілер.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды 

Қазіргі кезде екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтар
0