Өңірлер

Видео желіде тараған соң шымкенттік жігіт танымал болып шыға келді

© AFP 2024 / Thomas CoexЗначок Instagram на экране телефона
Значок Instagram на экране телефона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 жастағы Бекзат Төребек бала кезінен музыкаға әуес екенін және әлемдік сахналарда өнер көрсетуді армандайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Шымкенттегі жанармай бекетінде жұмыс істейтін әнші жігіт Қазнетте танымал бола бастады. 

19 жастағы Бекзат Төребек жұмыста белгілі қазақ композиторларының әнін шырқайды, деп хабарлайды Astana TV. Жүздеген көлік иесі мұндай қызметке тәнті болған.

Абай Құнанбаев пен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін Бекзат ерекше сезіммен шырқайды. Жанармай бекетіне келушілер өнерлі жігітті видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

"Мен классикалық әндер орындаушысы болғым келеді. "Ла Скала", "Метрополитен", "Астана Опера" сынды сахналарда өнер көрсетуді армандаймын, - деді Бекзат Төребек.

Ол бала кезінен әнге әуес екенін айтып отыр. Музыкалық мектеп пен колледж тәмамдаған. Құжаттарын астаналық жоғары оқу орнына тапсырды. Бекзат жанармай бекетінде отбасына қолғабыс болу үшін уақытша жұмыс істейтінін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

Жаңалықтар
0