Өңірлер

Оралда жасөспірімді зорлады деп айыпталған ер адам түрмеде отырмайтын болды

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқыда ер адам "Жас баланы зорлау" бабы бойынша айыпталды, содан кейін іс "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабына ауыстырылды

АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Алқабилер соты кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған Орал тұрғынының ісі бойынша үкім шығарды.

Айыптаушы тараптың айтуынша, ер адам 12 жастағы қыздың жасаған әрекетінің мәнін түсінбейтінін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түскен, деп жазды "Уральская неделя".

Аталған іс бойынша сот отырысы 20 тамызда өтті. Ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айыпталды.

Түркістан облысындағы интернатта оқушыны бір жыл бойы зорлаған: күдікті ақталып шықты 

Алқабилер соты бірнеше жағдайды қарастырды. Істі қарағаннан кейін жыныстық қатынасқа қыз өз келісімін берген деген тұжырым жасалды. Сондай-ақ, қыздың психикалық және физиологиялық дамуына байланысты жыныстық қатынастың мәнін түсінетіні айтылды.

Соттың пікірінше, зорлау әрекеті болмаған, тек 16 жасқа толмаған адаммен ерікті жыныстық қатынас жасалған. Сондықтан іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігіне ауыстырылып, орташа ауырлықтағы қылмыс деп бағаланды.

Алқабилер ер адамның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ал жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

Сонымен қатар олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға еш негіз жоқ деп есептеді, сол себепті алқабилер дауыс беріп, ер адамды 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0