Өңірлер

БҚО әкімі заңсыз той туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы бермек

© Sputnik / Арман АсқарАуызашар дастарханы
Ауызашар дастарханы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімнің айтуынша, адам көп жиналатын шаралар жайында хабар бергені үшін сыйақы тағайындау мәселесі пысықталды. Оған тиісті қаражат та бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында шектеуге қарамастан, той мен ас өткізетіндерді анықтаудың тың жолы қарастырылып отыр. Көпшілік көп жиналған шара туралы хабар берген тұрғындарға сыйақы төленеді. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді. 

Әкімнің айтуынша, сыйақы тағайындау мәселесі пысықталды. Оған тиісті қаражат та бөлінді, деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

"Бізде көпшілік шараларды өткізу жайттарын анықтауға көмектескендерге сыйақы төлеу тетігі бар. Біреулер оны "сөз жеткізу, сөз тасу" деп атайтын шығар. Бірақ олай емес. Бұл – қоғамға көрсетілген көмек, қолдау. Сол үшін ақша қарастырылып отыр", - деді Есқалиев коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шұғыл штабтың отырысында.

Комиссия сыйақының мөлшері мен дәлел келтіру тәртібін анықтайды. Ал заңсыз той өткізу туралы хабарларды Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдауға, я болмаса, полиция департаментіне хабарласуға болады. 

Әкімнің сөзіне қарағанда, бүгінде облыс бойынша 130 бақылау тобы бар. Бірақ олардың күші жеткіліксіз. Сол себепті аймақ тұрғындары да заңсыз тойларды анықтауға көмектесуі керек.   

"Вирус ешқайда кетпеді. Проблема әлі бар. СOVID-19 емдеудің нақты тәртібі табылмады. Сондықтан осы вирусты тек қоғам болып жеңе аламыз. Әрбір адамның сана-сезіміне байланысты", - деп атап көрсетті Есқалиев.

Жаңалықтар
0